Материалдық қамсыздандыру

Материалдық қамсыздандыру

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Егер ақыл-парасаты тең екі адамға бірдей мөлшерде ақша беріп, екеуіне де базардан ең жақсы орын мен тең сападағы бірдей тауар беріп, бір айдан соң: «Табыстарың қалай?» - деп сұрар болсақ, тіпті екеуінің жұмыс істеген сағат сандарына қарамастан, олардың нәтижелері әртүрлі болатынын көреміз. Тіпті түсім немесе пайда, екіншісіне қарағанда, екеуінің бірінде төрт есе аз болуы мүмкін. Мысалы үшін, базарға бара қалсаңыз, жиырма-отыздан бір сызықтың бойында тұрып тарақ, орамал, пышақ, түйме және т.б. бірдей тауарлар сатып тұрған жаймаларды көруге болады. Әрбір жайманы кім қамтамасыз етеді? Сөзсіз, Алла Тағала. Онда әлдекімге қызғаныш танытудың не қажеті бар? 

Олардың дүкендеріне көршілес дәл сондай тауарлары бар жайма пайда бола қалса, қызғаныш оты бұрқ ете қалатын адамдар аз емес. Олардың пайымдауынша, бұл олардың саудасына жағымсыз әсер етеді. Қызғаныш, қастық, зұлымдықтың бәрі өсіп — нәтижесінде өзге ретте араздыққа, төбелеске, тіпті атысқа, сиқыршылыққа және т.б. әкеліп соғатын болады. Материалдық молшылықтың жоғалу қорқынышын шайтан сізге сыбырлап айтып келгенде, оған былай жауап беріңіз: – Алла Тағала менің материалдық молшылығымды бұйырып қойған. Осы жолда менен тек қана тиісті жігер ғана талап етіледі. Алла Тағала маған қол-аяқтарымды және сана берген. Мен базарға барып, өзіме адал қорек тауып жеуім үшін күш салуым қажет, сонда Алла Тағала Өзі маған жазып қойғанын береді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) былай айтқан: – Алла маған мынандай ақиқатты ашты, ешкімде өзіне бұйырылған материалдық қамсыздандыруды алмай, өлмейді, тіпті егер ол оған кешеуілдеп келсе де. Ал осылай болса, онда өзіңді Аллаға бойсұнбаушылықтан сақта және күн көру үшін ұстамдылық шекарасынан асып кетпе. Және егер оларды алуда кідіріс болып жатса, тыйым салынған амалдармен іздеуге тырыспаңыз, өйткені Алла беретін дүниелерді тек қана бойсұну арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Егер шайтан сізді ұрлыққа, өсімқорлыққа, құмар ойындары мен алаяқтыққа еліктіре алмаса, онда  ол басқа айла-әрекетке жүгінеді: – Өзіңді және  мүлкіңді сақтандыру керек, келешекте не боларын кім біледі? – деген секілді күмәнді ойларды салатын болады. Сақтандыру тәсімдері қазіргі кезде елестетуге болар нәрсенің бәріне де таралған: көлік пен үй, өмір мен өлім және т.б. Бізге осы тәсімдерге сондай ізетті иландырғаны соншалықты, нәтижесінде біз осы тұзаққа түсеміз. Ең сорақысы, бізге осыдан бір игілік болар деп пайымдауымыздан — біз бұл тыйым салынған әрекетті жасаймыз. Бірақ адам елестетуге болар нәрселердің бәрінен өзін сақтандырса да оның жаны жай таппайды. Керісінше, үрейі үдей түседі.  Жер бетінде өлімнен өздерін сақтандырып, енді өздерінің мұрагерлерінің қолынан қаза табуға қорқып жүрген қаншама адамдар бар! Тіпті сақтандырылған соманы алу үшін ата-аналарын о дүниеге аттандырып жатқан мұсылмандардың да оқиғалары аз емес...

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active