Шуша «Ислам әлемінің мәдени астанасы» болады

Шуша «Ислам әлемінің мәдени астанасы» болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ИСЕСКО-ның (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымы) бас директоры Салим бен Мухаммад әл-Малик Әзербайжанға сапары барысында Шуша қаласын «Ислам әлемінің мәдени астанасы» деп жариялады, деп хабарлайды Media.az.

Оның пікірінше, бұл әзірбайжандық мұраларды бүкіл әлемге жеткізуге жақсы мүмкіндік болмақ. Әл-Малик Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы шейх ул-ислам Аллашүкүр Пашазадемен де кездесті. UMC төрағасымен кездесуден кейін ұйымның Әзірбайжанда аймақтық өкілдігі ашылатыны белгілі болды. Салим бен Мухаммад әл-Малик ИСЕСКО-ның Кавказ мұсылмандары басқармасымен стратегиялық ынтымақтастыққа мүдделі екенін және Бакуде Әлемдік дін көшбасшыларының ІІІ Саммитінің өтуін құптайтынын атап өтті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: