Араб каллиграфиясы арқылы жұлдызы жанды

Араб каллиграфиясы арқылы жұлдызы жанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлсид есімді Тунис азаматы қабырғаға арабшалап көркем жазуды әдетке айналдырып, бүгінде танымал тұлғаға айналды. Ол көкейінде тұрған сөзді  осындай көркем жазу арқылы жеткізеді екен.

Әлсид 2012 жылдан бері осы өнермен шұғылданады. Бірде ол Тунисте бір мешіт мұнарасына Құранның: «Ей адамдар, расында, Біз сендерді ер кісі мен әйелден жараттық. Сондай-ақбір-бірлеріңмен танысуларың үшін сендерді халықтар және тайпалар етіп тараттық» деген аятын жазып, алғаш рет халықтың көзіне түскен.

Содан бері Әлсид әр елді аралап жергілікті халықтың мұңын немесе қуанышын осындай қол өнері арқылы қабырғаларға жазып, сипаттап жүр.

«Мен қазіргі адамзатқа жетпей жүрген татулық, ауызбіршілік бауырмашылық қасиеттерді жазып, халыққа насихаттап жүрмін» дейді өнер иесі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: