Нью-Йорк метросының әкімшілігі жергілікті мұсылмандардың исломофобияға қарсы дайындаған роликтерін метроларда көрсетілуіне рұқсат берді. Бұл жергілікті сот шешімімен құпталған шара болып отыр.
«Vaguely Qualified Productions» компаниясы дайындаған бұл роликте исломофобияны әзіл арқылы мысқылдайтын кадрлар түсірілген екен.
Алғашында метро әкімшілігі мұндай роликтер саяси бағытты насихаттайды деп рұқсат бермеген екен. Алайда мұсылман белсенділері бұл роликтің қазіргі қоғамға маңызы зор екенін алға тартып, рұқсат алу үшін сотқа да жүгінген көрінеді.
Колин Мак Мэхон есімді сот пен Гленн Катон адвокат мұндай роликті көрсету керек, деп мәлімдеген.