#Байзақ: АУЫЛ ИМАМ-МОЛДАЛАРЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАДЫ

#Байзақ: АУЫЛ ИМАМ-МОЛДАЛАРЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көкөзек ауылы «Жантай ата» мешітінің имамы Бекжан Майданбекұлының ұйымдастыруымен ауданға қарасты ауыл имам-молдалары арасында салауатты өмірді қалыптастыру мақсатында кіші футбол ойыны өтті. Спорттық шараға жас имамдардан бастап, жасы үлкен имамдарға дейін атсалысты.

Шараға аудан бас имамы Қанат Әділханұлы қатысып, ауыл имам-молдаларына: «Салауатты өмір салты – бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%-ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын», - деді.

Шара соңында дастархан жайылып, ас беріліп, ақсақал имам-молдалар баталарын берді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: