"Көктемнің әр күні қысқа азық" демекші "Ж.Жексенбай" мешіті жастарды еңбекке баулу мақсатында ұжыммен бірлесе картоп және басқа да көкөністер отырғызған болатын.
Қолдан келгенше көрнеу амалымыз болсын деп жасалған істің берекетін дін қызметкерлері бір Аллаға табыстаған. Мешіт ауласына алғашқы тәжірибе ретінде егілген жемістер өз нәтижесін берді. Жаз мезгілінің басынан бері мешіт редискадан бастап, қызанақ, әңгелек, бұрыш, асқабақтың да жемісін алды.
"Бұрынғылар бос жатқан жер ысрап, жұмсалмаған күшің де ысрап деген яғни, құлшылық 5 уақыт емес 24 сағат болу керек. Еңбек те құлшылықтың бір түрі" - дейді мешіт имам Шүкірәлі Бердібеков.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі