Отбасы күніне орай насихат жасалды

Отбасы күніне орай насихат жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев "Отбасы күніне" орай ұйымдастырылған "Бақытты отбасы - бақытты ел" атты форумға қатысып қайтты.

Білікті имам отбасы болу, отбасы құндылықтары, татулық, неке жайында көркем насихат айтып, көпшіліктің көкейкесті сауалына жауаптар берді. Ізгі қоғам бағытына жауапты маман Есет Таласбаевтың ұйытқы болуымен мешітте некесін қидырған отбасылар да аталған шараға қатысты. 

Ержан Маханұлы жанұя ішіндегі мәселелерді шешу жолары, шариғатымыз бойынша отбасы мүшелерінің бірін-бірінің алдындағы міндеттері, жауапкершілік пен руханият турасында сөз қозғады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: