Египет Жастар және спорт істері жөніндегі министрлігі жас қыздарды МАИ қызметіне қабылдамақ ниетте.
Қызметке тұрған қыздар Гиза қаласындағы жол қозғалысы тәртібін реттеумен айналысатын болады. Егер осы тәжірибе оң нәтижесін беретін болса нәзік жанды жол сақшылары елдің басқа да қалаларында да пайда болмақ. Айта кетейік, Египетте бүгінде жол қозғалысын реттеуші қызметкерлердің тапшылығы үлкен мәселеге айналған. Қазіргі уақытта Гиза қаласының үлкен көлік жолдарында 15 мұсылман қызы қызмет етуде.