Мәскеуде осымен 16-ші рет өткізілген халықаралық Құран жарысына әлемнің 40-тан аса елінен қари-хафзидар қатысты. Бас бәйге Иран хафизі Мұса Мотамедиге, екінші орын Йеменге, үшінші орын Танзания хафизіне бұйырды. Жеңімпаздардың үздігіне 5 мың доллар сыйақы берілді.
Конкурсқа қатыстқан ең жас хафиздер қатарында Дағыстандық 16 жасар Біләл Абдулхаликов Ресейдің атынан шықты. Өзінің жастығына қарамастан Біләл бірқатар әлемдік додаларда бақ сынап, жүлдеге ие болып келеді. 2012 жылы ол Бахрейнде өткен Құран жарысында үздік деп танылған еді.
Ресей Мәдениет министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен өткен конкурстың жүлде қоржыны Ұмра қажылығына 3 жолдама жеңімпаздарға табысталды.