Мәскеу орталық мешітінде алдағы жұма намазын Меккедегі әл-Харам мешітінің имамы Махир әл-Муайкли өтеді. Бұл жайында Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдинов мәлімдеді.
«Махир шейхтің Құран оқу мақамы әлемнің миллиондаған мұсылманына таныс. Осы миллиондаған жан әл-Харам мешітінің имамына ұйып, намаз оқыған» дейді Гайнутдинов.
«Құран түскенге дейін зұлымдық белең алды, жер бетіне Алла тағаланың мейірімімен Құран түскесін, адамзатты надандықтан нұрға, жарыққа жетеледі. Құранда бұл баяндалды. Құран бізді Хаққа, әділдікке жетелейді. Ол – Алланың сөзі» дейді шейх Махир әл-Муайкли.