Associated Press ақпаратттық агенттігі Меккедегі қажылық рәсімі кезінде Мина жазығында қаза болғандар саны туралы мәлімет жариялады. Бұл Сауд Арабиясы корольдігі жариялаған ресми дерекке сәйкеспейді.
Агенттік мәлімдегендей, Минадағы кептелісте 1313 адам қаза тапқан. Ал Сауд билігі қаза болғандар саны 769-ді құрайды деп хабарлаған болатын.
Ақпараттық агенттік жүргізген зерттеу әдісі өзгеше – олар қажылыққа адам жіберген елдердің өздерінен деректер алып, салыстыру жасаған.
Сонымен, қаза болғандар ішінде Иран елінің – 465, Египеттің – 148, Индонезияның – 120, Пәкістанның – 89, Үндістанның – 81 азаматы бар. Қайғылы апат 180 елдің азаматтарының өмірін қиған.