Жуырда Дубайда Ислам мәдениетін паш ететін «Ахлан арт» атты көрме ашылады. Көрмеде әлемнің 35 елінен келген білікті суретшілер бас қосып, олардың ислам мәдениетін көрсететін еңбектері көрмеге қойылады.
Көрмені ұйымдастырушы Хасан Мауждің айтуынша, көрмеге Азия, Африка, Батыс және Таяу шығыс елдерінен қонақтар келіп, өзге дін өкілдері ислам мәдениетін көріп тәнті болады, дейді.
Көрмедегі суреттердің басым көпшілігі Құран аяттары мен Қағбаның қасиетін көрсететін болады.