Шешен тойлары шариғатқа тұрақтауда

Шешен тойлары шариғатқа тұрақтауда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Грозный әкімдігінің ресми сайтында қала мэрінің 29.09.2015 ж. №848 «"Нохчийн ловзар" дәстүрлі шешен тойларына қойылар жалпы талаптарды бекіту туралы» қаулысы жарияланды.

Аталмыш қаулы мейрамхана, банкет залдары мен жекелеген үйлерде той рәсімдерін ұйымдастырушы заңдық және жеке тұлғаларға қатысты шыққан.

Енді жаңа құжат күшіне енісімен, жиын-тойларда мас болуға, шешен ұлты менталитетіне қайшы киім киюге, дауласуға, тосын әрекетке, жат қылыққа жол беруге, қалыңдық биіне, бірнеше жұптың бір уақытта билеуіне және бір ердің бірнеше әйелмен билеуіне, би кезінде жұптарын алмастыруға, ер мен әйелдің қол созым қашықтықтан артық жақындауына, би алаңынан шыққысы келген әйелдің жолын бөгеуге, сондай-ақ үйлену тойы тортын кесу секілді жоралғыларға қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар, кез келген спиртті ішімдік түрлерін ішуге, тойда қарумен оқшашу жасауға да рұқсат жоқ. Осы аталған талаптар бұзылған жағдайда тойды өткізуші мекеме заң алдында жауапқа тартылмақ. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: