Индонезияда енді некелеспеген ер мен әйелдер жаңа заңға сәйкес бір ғимаратта немесе үйде оңаша қалуына болмайды.
Некесі қиылмағандар оңаша орында кешкі сағат 9-дан кейін қалуына да тыйым салынады. Сондай-ақ, 17 жасқа толмағандар романтикалық қарым-қатынас орнатуларына рұқсат жоқ.
Ал осы заң талаптарын бұзған адамдар бір-біріне үйленуі міндеттеледі. Қағазбен бекітілген заңның іс жүзіндегі нәтижесін айта кетсек те болады. 50 жастағы жесір әйелдің үйіне таныс ер адам жиі келіп жүрген. Нәтижесінде, құзыретті орган әлгі әйелге үйленуін талап етіп, отау құруға «мәжбүр» болған.