Ресей мұсылмандары қаза болған қажылар үшін ұмра өтеді

Ресей мұсылмандары қаза болған қажылар үшін ұмра өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ресей елінің мұсылмандары Мәдина қаласында биылғы қажылық кезінде құрылыс краны құлауынан және құлшылық рәсімінде адамдар нөпірінде қаза тапқан қажылардың рухына тағзым етіп, қосымша ұмра қажылығын жасады. Бұл жайында «Россия для всех» порталының редакторы Патимат Расулова мәлімдеді.

«Біз қаза болғанды қайтара алмаймыз. Алайда, біз осы қажылықта қайтыс болған бауырларымыз үшін дұға еткіміз келеді. Қолымыздан келері осы» дейді П.Расулова.

Еске сала кетсек, биылғы қажылықта әл-Харам мешітінде 11 қыркүйек күні құрылыс краны құлап, 132 адам қаза тапты. Мина жазығындағы адам нөпірінің соқтығысуынан қаза болғандар саны 1 100-ден асты. 863 қажы жарақат алды. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: