Австралия саясаткері мұсылмандарға қолдау білдірді

Австралия саясаткері мұсылмандарға қолдау білдірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт құрылысына тыйым салудың салдары жақсы болмауы мүмкін, деп мәлімдеді Австралия республикасы оппозициялық партиясының жетекшісі Люк Фоли.

Саясаткердің айтуынша, Австралия мұсылмандарының басты мәселесіне айналған мешіт құрылысына тыйым салу бейресми құлшылық орындарының көбеюіне жол береді. Бұл өз кезегінде радикалды ағымдарға да үлкен мүмкіндік тудырмақ.

Люк Фоли мешіт салуға тыйым салудың орнына дәстүрлі дін өкілдеріне барынша жағдай жасап, қолдау білдіру керектігін айтты.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Виктория штатында мешіт құрылысына салынған тыйымға қарсы шеру өткен еді. Осы тектес шаралар Австралияның өзге де штаттарында ұйымдастырылған. Саясаткерлер алдағы уақытта жергілікті биліктің мешіт құрылысын шектеу немесе тыйым салу мәселесін қайта қарап, мәселені оңтайлы шешуі керек деген пікірлер білдіруде. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: