Бирмингем университеті VII-ші ғасырға тиесілі қасиетті Құранның көне жазбасын көрмеге шығарды. Бүгінде бұл жазбаны көруге елдің барлық жерінен мұсылмандар ағылып келуде.
Университет қызметкерінің айтуынша, бұл жазбаның ерекше сиясы мен парағының сапасы оның көне жәдігер екеніне айқын дәлел.
Доктор Алфа Пидели өз сөзінде: «Мен Таяу шығыстағы көптеген көне жазбаларды зерттеп көрдім. Сондықтан, көне жазбаларды тез танимын. Ал, бұл жазбаға арнайы «Оксфорд» университетінде біршама зерттеу жүргіздім. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бұл жазбаның 95 пайызы Пайғамбар (с.а.у.) дәуірін көрсетеді, яғни, 570-632 жылдарды қамтиды» деп түсінікті.
Қазіргі таңда Құран жазбасын көру мүмкіндігі қазан айының 25-не дейін белгіленген.