Абыройлы тарихы бар елдің болашағы жарқын! (ФОТО)

Абыройлы тарихы бар елдің болашағы жарқын! (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ қазақ болғалы өтіп жатқан тұңғыш мереке «Қазақ хандығының 550 жылдығы» Тараз шаһарында тойлануда. Бұл дүбірлі мерекеге осы өлкенің таңдалғаны тегіннен тегін емес. XV ғасырда Алтын ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтерген. Ол ғасырдан бері қазақ елін тағдыр сан сынаққа алды. Алла нәсіп еткен тәуелсіздігіміздің арқасында аталмыш күн тарихта алтын әріппен жазылмақ. Сан мың ғасыр өтсе де діні мен дәстүрін жоғалтпаған ұрпақ азаттық сыйлаған бабаларға құрмет көрсетіп, «Керей мен Жәнібек» алаңын тұрғызды. Ұлтты ұйыстырған ұлы тойға еліміздің түкпір-түкпірінен, шет елдерден қонақтар келді. Тарихи монументті Қазақстан Республикасының президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі ашты. «Қазақ хандығының 550 жылдығы бұл бүкіл халықтық мереке. Мерейтойлық шараға ежелгі қаланы жаңғыртып, келбетін тағы да бір өзгерттік. Тараздың 2000 жылдығын атап өтеміз деп бір жаңартқан болатынбыз. Енді 550 жылдыққа байланысты Тараз қаласының іші де, сырты да абаттанып, әдемі болды. Қазақстанның барлық облыстары атсалысты. Оларға зор рахметімізді айтайық,» – деді Елбасы.

Ескерткіштің негізгі діні – стэлла. Оның биіктігі 27 метрден асады. Ол таза ақ мәрмәрдан жасалған. Сегіз қырлы. Басындағы белгі Ұлықбектің жұлдызы, деп аталады. Стэлланың екі жағында екі хан яғни, Керей мен Жәнібек – тақта отыр. Олардың мүсіні таза қоладан құйылған. Ал, астындағы тұғырлары ақ мәрмәрдан тұрғызылған.

Дархан даланың мерейтойына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы арнайы келді. Тарихымыздан өмірлік ұстанымдарында Алланың кітабы мен Пайғамбар сүннетін негіз етіп алған ұлтымыздың ғасырлардан жалғасын тауып келе жатқан өмірлік жолында бұл айтулы қуанышпен бөлісіп, көне қала жұртшылығымен жүздесуге келген дінбасы 3274 тарихи орны бар қаланы аралап жұртшылыққа ізгі тілегін жеткізді.

Сондай-ақ, тарихы тым тереңнен бастау алған аспан асты елінің Сиянь қаласынан аттанған топ Тараз шаһарында өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығына қатысты. «Қытай – Қазақстан: Ұлы Жібек жолының шай мәдениеті» достық және ынтымақтастық керуені 2014 жылғы 19 қыркүйекте Сианьнан ежелгі сауда жолымен шыққан. Бүгін де дүбірлі тойға келген қытайлықтар Байзақ, Қордай аудандарын артта қалдырып, Төле би даңғылымен жүріп өтіп, алғашқы президент саябағында аялдады. Сүннетімізге сай қазақы нақышталған ұлттық киім мен қолөнер (әшекей, ыдыс-аяқ, құмыралар, т.б.) туындыларының жәрмеңкесі ертеректе сауданың астанасы болған Тараз өлкесінде қайта жаңғырды.

Жүрегі қазақ деп соққан елдің мақтанышына айналған тағы бір орын – «Аспан асты мұражайы». Діні мен тарихы сабақтас еліміздің ежелден қалған қыш құмыралары, моншалары, үй қабырғалары, қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлер ел назарына ұсынылды.

Бас мүфти биылғы жыл мақсатын жарияланғандай бүгінгі дала мерекесі «Дін мен дәстүрдің» нағыз сабақтастығын танытты. Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Міне, осы бір шежіре тағы бір өзін дәлелдеген-ді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: