Wealth-X компаниясы жүргізген зерттеу нәтижелеріне назар аударар болсақ, Таяу Шығыс дәулеттілерінің 45% Сауд Арабиясы мен Біріккен араб әмірлігінде тұрады.
Байлығы шалқыған тұлғалар тізіміне зерттеушілер Таяу Шығыстың қаржы қоржыны 30 млн $-дан кем түспейтін тұрғындарын іріктеген.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Сауд Арабиясында 1495 адамның байлығы бұл көрсеткіштен жоғары екен. Корольдіктегі дәулеттілердің бар байлығы 320 млрд долларды құрайды.
Біріккен араб әмірлігінде 1275 адамның жалпы байлығы 255 млрд доллар. 450 мультимиллионер Абу-Дабидің, 495 мультимиллионер Дубай тұрғыны. Өзге 280 миллионер 5 әмірлікте тұрады.
Ғаламдық рейтинг бойынша Сауд Арабиясы мен БАӘ 17 және 22-ші орынға табан тірейді. Кувейт әлем дәулеттілері тізімінде 32-ші орында.
Мамандар аталмыш елдердегі азаматтардың көз ілеспес шапшаңдықта баюы соңғы он жылда байқалғанын айтады. Себебі, осы кезеңде бұл елдер ірі экономикалық, туристік, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалары арқылы үлкен жетістіктерге жеткен көрінеді.