#БАЙЗАҚ: 690-шы БАСПАНА ТАБЫСТАЛДЫ

#БАЙЗАҚ: 690-шы БАСПАНА ТАБЫСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам баласын қуанту – оған рухани серпіліс беретін сауапты іс. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кімде кім бір мұқтаждың қажетін өтесе, қиямет күні Алла сол пенденің мұқтаждығын өтейді», - деген хадисінде.

«Республика күні» мерекесі қарсаңында, ынтымақ пен бірлікті ту еткен сарыкемерлік ағайын асарлатып үй салып, көпке үлгі көрсетті. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғыны Жолдасбеков Асқарбек Жанатұлына «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 690-шы баспананың кілті табысталды.

Айтулы шарада аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков, ауыл тұрғындары атынан еңбек ардагері Қыдыралы Оралов, аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл жүрекжарды лебіздерін арнады.

Қанат Әділханұлы шарада: «Мұсылман баласының жаны қайырымдылыққа жақын. Әр адам өзінің шама-шарқына қарай жақсылық жасап, қайырымдылық қылады. Дәулетті адам зекетін беріп, қоғамдағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына жәрдем қылса, қарапайым шаруа Құдай жолына ниет қылған садақасын қайырымдылыққа жұмсайды. Мақсат – Алла Тағаланың разылығына бөлену. Дәл осы мақсатта Сарыкемер ауылының жастары, аудандық мешіттің жамағаттары, кәсіпкер азаматтар атсалысып, асарлатқанның нәтижесінде Алла нәсіп етіп, бір отбасы үйлі болып отыр. Ұйымдастырушыларға және үлесі бар барша тұрғындарға Алла разы болсын!» – деп, өз ризашылығын білдірді.

Жаңа баспананың лентасы салтанатты түрде қиылып, ақ жаулықты аналар шашу шашты. Жалпы көлемі 66 шаршы метр болатын төрт бөлмелі жаңа үйді аралаған ауылдастар «құтты болсын» айтысып жатты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: