Білім жолына жасалған садақа, көмек сарқылмас сауапқа кенелтеді. Осы білім алушыларға, білім беруші ордаға мешітеріміз қолдан келгенше жақсылығын жасауға әзір.
Осындай игі ниетпен Тараз қаласы мешіттерінің атынан «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне 20 қап картоп жеткізілді. Ал медреседе білім алып жатқан шәкірттердің адал асына маңыз беріп, шараға атсалысқан кәсіпкерлерге қаланың бас имамы Ержан Аманбаев алғысын білдірді.



02 Сәуір 2026
14 Шавваль 1447

