11 қазан күні Мәскеу қаласында Ресей Сыртқы істер министрлігі, Мәдениет министрлігі және Мәскеу үкіметінің қолдауымен әлемдік деңгейде қасиетті Құран жарысы өтпек.
Аталмыш жарысқа әлемнің 44 елінің білікті деген хафиздері қатысады. Ал, жарыстың ерекше қонағы ретінде «әл-Харам» мешітінің имамы Маһир әл-Муайкили шақырылған.
Атап кетсек, бұл Құран жарысы бұған дейін беделді ғалымдар тарапынан ислам әлеміндегі ең жоғарғы дәрежедегі жарыс деп мойындалған.