Немістер мешітке жиылды

Немістер мешітке жиылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен демалыста Германия республикасы бойынша жүздеген мешітте мемлекеттік мейрам – Бірлік күніне орай ашық есік ұйымдастырылды.

Германиядағы ең азшылық қауымды құрайтын мұсылман жамағаты неміс халқына мешіт есігін айқара ашты. Оларға мұсылман мәдениеті мен дәстүрі жайында кеңінен баяндап, қызықтырған сауалдарына жауап берді, деп жазады Deutsche Welle.

«Мешіттегі ашық есік күні» шарасына Германия Отбасы істері жөніндегі министрі Мануэль Швезиг арнайы қатысты. Ал жалпы шараны Кельндегі Мұсылман үйлестіру кеңесі қолға алды.

Орталық кеңестің мәліметінше, аталмыш акцияға  1000-нан аса мешіт қатысқан.

Еске сала кетейік, Германияда мешіттегі ашық есік күндері 1997 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы шараның маңыздылығы мұсылман елдерінен Еуропаға қоныс аударушы босқындар легінің келуімен артып отыр. Жүздеген, мыңдаған мұсылмандармен өз қалаларында жиі жолығысқан Германия халқы дәстүрлі ислам діні туралы молырақ мағлұмат алуға ықыластары да арта түскен. Осы себепті, мемлекеттік мерекеде ұйымдастырылған «Ашық есік» күні көптеген қала тұрғындары мешітке қадам басты. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: