Қайғылы оқиғаның себебі анықталды

Қайғылы оқиғаның себебі анықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінге дейін Мина алқабында болған қайғылы оқиғаның салдарынан көптеген қажылар өздеріне келе алмай жүргені рас. Минадағы кептеліс салдарынан 700-ден астам адам ажал құшты.

«Al-arabiya» арнасы хабарлағандай, зерттеу барысында кептелістің қалай басталғаны және оған ирандық қажылар себепкер болғанын айтты.

Ирандық мыңдаған қажылар Жамараттан Муздалифаға қайтатын жолда ережені бұзған. Яғни, әдетте қажылар жүретін жолмен ирандық қажылар Муздалифадан Жамаратқа қарай тура көшемен бет алған. Алайда, Жамараттан қайтар жолда ирандық қажылар ережені бұзып Жамаратқа келетін басқа 204-ші көшеге түсіп ондағы мыңдаған қажылардың жолын бөгеп кептеліс орнатқан. Сол сәтте 204-ші көше Жамаратқа бара жатқан басқа қажыларға толы болған. Нәтижесінде, қарама-қарсы бағытқа түскен қажылар бір-бірін итеріп көптеген адамдар көз жұмды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: