Әлеуметтік желіде егде жастағы кісінің суреті көпшіліктің жадынан кетпестей әсер қалдырды.
Бұл кісі өзінің науқас жағдайына қарамастан парыз намаздарын мешітке келіп, жамағатпен бірге оқуды әдетке айналдырған. Қатты ауыратыны сонша, әрдайым өзімен бірге тыныс алатын кислород құйылған баллонды арқалап жүреді. Себебі, ауа жұтуы мүмкін болмағандықтан, медициналық аппаратқа тәуелді. Әзірге оның есімі белгісіз, дегенмен, мешітке келушілердің көбі бұл кісінің жағдайын көріп, көздеріне жас алып қалатындарын жасырмайды.