Малайзияда сәнді де қарапайым шариғат шәлілері кең қолданысқа ие болып келеді. Ел дизайнерлері мұсылман қыз-келіншектеріне арналған әсем әрі қарапайым киімнің сан түрлі үлгілерін ойлап табуда. Олардың айтуынша, мұндай мұсылманша киімдер қыз балаларына шариғат талаптарын сақтай отырып, қоғамға үйлесімді киюнулеріне де мүмкіндік береді.
Соңғы деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта 5 млн Малайзия қыз-келіншектері қарапайым үлгіде шариғатқа сай киінеді. Осы мақсатта оларға 500 мұсылманша киім үлгілері ұсынылған.
Дизайнерлер аталмыш киім нарығы тек мұсылман әйелдеріне ғана емес, өзге де дін өкілдеріне арналатынын айтуда. Себебі, бұл күндері мұсылман емес қыздардың арасында да ширағат киімдеріне қызығушылық танытушылар қатары көбеюіп келеді екен.