Дубай кедейшілікке қарсы арнайы қор құрды. Оның бюджеті 1 млрд дирхамды (272 млн $) құрайды. Қордың негізгі мақсаты – жұмыссыздықпен күресу және аймақтардағы білім деңгейін көтеру.
Осы мақсатта Дубай әмірі Мұхаммед бин Рашид әл-Мақтұмның тікелей жетекшілігімен 28 қайырымдылық ұйымы бірлесіп, 116-ға жуық елді қамтитын 1 400-тен аса бағдарлама іске асырылады.
Қордың басты бағыттары білім саласын көтеру, кедейшілікпен күрес және инновацияны дамытуды көздейді. Сонымен қатар, 10 млн кітап басып таратып, 20 млн балаға білім алу мүмкіндіктерін беріп, білім жобаларына 1,5 млрд дирхам және аймақтардағы су ресурстарына 500 млн, «тағаттылық мәдениетін қолдау» жобасына 600 млн дирхам жұмсалмақ.