Британия мұсылмандары Исламды эктремизмнің шипасы деп бағалайды

Британия мұсылмандары Исламды эктремизмнің шипасы деп бағалайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлыбритания мұсылмандары ұйымы экстремизм мәселесіне қатысты пікірталас жүргізіп, ислам діні бұл дерттің дауасы екенін дәлелдемек ниетте.

Ислам ғылыми зерттеу академиясы 16 қазан күні Лондон қаласында пікірталас ұйымдастырады. Оған елге белгілі дін қайраткерлері мен корольдіктің мониторинг ұйымы өкілдері қатыспақ.

Пікірталас барысында сарапшы мамандар ислам дінін шын мәнінде экстремизмнің туындауына себеп пе әлде осы қауіпті дерттің шипасы ма деген сұраққа жауап іздейді.

Еске сала кетсек, британ премьер-министрі Дэвид Кэмерон экстремизммен күрес туралы заң жобасын ұсынған болатын. Аталмыш құжатта ислам дінін ашық насихаттауға тыйым салу, мұсылман ұйымдарын, мешіттер мен қайырымдылық ұйымдарын арнайы комиссияның жабуына өкілеттілік беру секілді исламға кереғар мәселелер қамтылған. «Экстремизмге қарсы заң жобасы қабылданған жағдайда тікелей мұсылмандарға қарсы жұмыс жүргізеді» делінген ұйымның ресми веб-сайтында.

Академия пікірталасқа қатысушыларды ислам дінін зорлық-зомбылық пен қысымшылықтың діні деп санайтын биліктің, БАҚ-тың және өзге де күштердің мұндай қарсылықтарына бетпе-бет келіп, шынайы ислам дінінің бейбітшілікті қалайтынын дәлелдеуге шақырды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: