Сауд Арабиясы қыз-келіншектерінің кеңсе қызметінде үлесі артты

Сауд Арабиясы қыз-келіншектерінің кеңсе қызметінде үлесі артты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясында соңғы жылдары қыз-келіншектердің кеңсе қызметтерінде айтарлықтай көбейгені байқалады. Бұл туралы корольдіктің соңғы есебінде мәлім етілген.

Биылғы жыл есебі бойынша қызметтік кабинеттерде саудиялық әйелдердің үлес салмағы 76,08%, ал шетелдік әйелдер үлесі 23,92%-ды көрсетті. Осылайша әйелдердің саны 466 000-ды құрап отыр.

Бұл статистикалық деректер еңбек министрлігінің шешімінің нәтижесінде пайда болды. Әсіресе, әйел заттары сатылатын дүкендерге қыз-келіншектерді жұмысқа тұрғызу бағдарламасы жүйелі іске асырылуда.

Айта кету керек, король Салман билігі тұсынан бастап, елдегі әйелдер қауымы қоғамдық-саяси ортаға араласып, экономикалық-әлеуметтік өмірге белсенді үн қоса бастады. Сондай-ақ әйелдерге қосымша құқықтар да берілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: