Әлем қажыларының басынан өткен 8 оқиға (ФОТО)

Әлем қажыларының басынан өткен 8 оқиға (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған мұсылман ислам дінінің бес парызының бірі – қажылықты өтеуге Меккеге келеді. Бұл ғаламның ең айтулы оқиғасы, себебі, қасиетті мекенде бір уақытта миллиондаған адам жиылады.

Көптеген адамдар бірнеше жыл қажылықты орындауды арман етеді, енді бірі қажылыққа қаржы жинайды, енді бірі ұзын-сонар тізімнен өзінің квота арқылы алатын қажылығының кезегін күтеді.

Назарларыңызға әлем қажыларының соңы қайырлы аяқталған қызықты 8 оқиғасын ұсынамыз.


Джамия апа, Египет елінен, жасы 95-те. Ол қажылыққа өзінің бақташы ұлымен келген. Джамия апа қажылыққа қаржы жиюға 50 жылын сарп еткен, нәтижесінде 700 мың египет фунтын (9 000 $) жиып, арманына қол жеткізді.

 

Сила Саидин Омар 64 жаста, ағасы Мұхаммед Хайдар 73-те. Олар қажылыққа өте қиын, дағдарысты ахуал қалыптасқан Мали елінен келген. Қажылық ағайындылар үшін 2 млн франкке (3 500 $) түсті.


Университет қызметкері 43 жастағы Тамиз бен оның жұбайы Рика Индонезия елінен келді. Ерлі-зайыптылар үкіметтен берілетін қажылық квотасын үміт үзбей 6 жыл күткен.  


Джамил Джалал 49 жаста. Ол өз туыстарымен қажылыққа Ирактан келген. «Өкінішке қарай, отбасымыздың барлығы келе алмады» деген ол мұның себебін елдегі дағдарыспен байланыстырды.


Алжир тұрғыны Фатима өзінің 95 жасқа толған шағында арманына айналған Қағбаның қонағы болды.


Гол Мұхаммед 60 жаста, Пәкістан елінен келді. Оның қажылыққа қажет қаражаты болмаған. Алайда, Сауд Арабиясында инженер болып еңбек етуші ұлы оған Қағбаның қонағы болуға септескен көрінеді.


Мұғалім Ашра 29 жаста және оның құрбысы Рухуна 22 жаста. Олар Филиппин елінен. Жұбы жазылмайтын достар осындай жас дәуренінде қажылық жасауды нәсіп еткен Алла тағалаға сансыз шүкірлер айтады. Ата-аналары жастардың қажылыққа баруына қолдау білдірген. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: