Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаевтың өңірге қарасты мешіттерге сапары жалғасуда. Кезекті зерделеу жұмыстарын бас мам Белбасар ауылы "Хати Сауранбай" мешітінде жүргізді.
Мешітің іші-сыртын түгел аралап, мешіт құжаттары, жамағатқа ұсынылған діни әдебиеттер, мешіт қабырғаларына ілінген баннерлер, тазалық жұмыстары, қосалқы ғимараттардың жай-күйін толық қарады.
Мешіт қызметкерлерімен және мешіт имамымен жүздесіп, жамағатпен де дидарласты. Бас имам мешіт имамына бірқатар тапсырмалар жүктеп қайтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі