Шу аудандық "Жәми" мешітінде ұстаздардың ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына арналған "Сағындық сені, йа, Алланың елшісі" атты рухани-мерекелік мәуліт кеші өтті. Іс-шара қасиетті Құран аяттарын оқумен ашылып, өңірдің бас имамы Алмас Кенжемолдаев сөз сөйлеп, насихат айтты.
Мешіт ұстаздары Сәуле Нұрсұлтанқызы мен Гүлжан Сағындыққызының ұйымдастыруымен өткен шараға "Төле би" және "Бірлікүстем" мешіттерінің әйелдер жамағаты қонақ боп келіп қатысты.
Мешіт шәкірттері шараны жүргізіп, жиында көптің көңілін толқытқан діни оқиғалар желісінде қойылымдар қойылды. Ардақты Алла елшісіне салауат, сәлемдер жолданып, хадистер тілге тиек болды. Түрлі қызықты ойындар ойнатылып, жамағат біліммен, тапқырлықпен сыналып, үздіктері сыйлықтарға ие болды.
Ұстаздар насихатын айтып, ақ жаулықты әжелер батасын берді. Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүйікті тағамдарынан дастархан жайылып, дін мен дәстүр жайлы жыр-термелер шырқалды.
Мешіт ұстаздары қонақ боп, атсалысып, жамағатын ала келген, Насихат Доғдырбайқызы мен Зейне Жанұзақ ұсттаздарға алғыстарын жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі