Мәдина қаласындағы Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мешіті істері басқармасы жұма құтпасы бір уақытта алты тілде: ағылшын, урду, хауса, француз, чичева және түрік тілдерінде өткізуді жоспарлап отыр.
Араб тіліндегі жұма уағызы FM-диапазоны жиілігінде радио арқылы таратылмақ. Бұған қоса, уағыздың жазбаша нұсқасын аталмыш жобаның интернет-сайты арқылы алуға да болады. Осыған дейін аударма қызметі 300 000-ға жуық қажыға көмектескен.
Жоба жетекшілері жұма құтпаларын әртүрлі ұлт өкілдерінен тұратын барша әлем мұсылмандарына жеткізуді мақсат тұтады. Осы мақсатта мешітке келушілерге уағызға ілеспе аударма жасайтын құрылғы аппараттар таратылады.


06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

