«Әл-Әзһар» ислам ғылымдарының докторы шейх Уайл Шихабқа «Басқа елде жүріп-ақ мұсылман бауырларыңа ақша аудару арқылы қашықтықтан құрбандық шалса бола ма?» деген сұрақ қойылды.
«Құрбандық шалу кез келген жағдайы жеткен мұсылман үшін міндетті амал болып табылады. Кез келген құрбандық малын шалушы адам өз қолымен сойғаны абзал. Себебі, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабасы Әнәс ибн Мәлик құрбандыққа екі қой алып, оны өз қолымен сойғаны белгілі. Немесе қой соя алмасаңыз да құрбандықтың басында тұруыңыз керек. Дегенмен, егер құрбандық шалушы адам белгілі бір жағдаймен басқа елде болып, құрбандыққа қатысуға мүмкіндігі болмаса, онда малдың етін тарқатып беру шартымен басқа бір бауырына өз атынан құрбандық шалдырса болады» деді шейх Уайл Шихаб.