Пәкістандық зерттеуші ғалымдар табиғи апат орын алғанда хабар-ошарсыз жоғалған адамдарға арналған күн сәулесімен қуаттанатын ерекше телефон құралын ойлап тапты.
Бұл құрал іске асу үшін арнайы жергілікті станция болу керек. Табиғи апат болған жағдайда жоғалып кеткен адамдар осы құралды іске қосу арқылы қай жерде екендерін хабарлауға болады. Сонымен қатар жергілікті станцияға қосылған құрал телефон шалуға, хабарламалар жіберуге және ғаламторға тегін кіруге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ешбір электр қуатын қажет етпейді.
Бүгінгі таңда Пәкістанның 116 млн халқы ұялы телефон қолданады екен. Алдағы уақытта осы құралды халықтың барлық ұялы телефонға орнату көзделіп отыр.