Эр-Рияд Мина жазығындағы уақиғаға түсініктеме берді

Эр-Рияд Мина жазығындағы уақиғаға түсініктеме берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы билігі Мина жазығындағы қажылық рәсімдерін орындау кезінде 700-ден аса адамның өмірін қиған уақиғаға корольдіктің жоғары лауазымды тұлғалары мінген кортеждің өтуі себеп болды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Елдің Ішкі істер министрлігі бұл мәліметтің жалған екенін, қаскөйлік мақсатта таратылғанын айтып, оны таратқан Иран үкіметі БАҚ-тарын кінәлады.

Еске сала кетсек, Минада қаза болған қажылар қатарында Иранның 130 азаматы бар. Осыған байланысты Тегеран қайғылы уақиғаға Сауд Арабиясы билігін кінәлі деп таныды. Иран қажылықты салғырт ұйымдастырған Сауд Арабиясы жауапкершілікті мойнына алуы керек деп мәлімдеме жасады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: