НАМАЗДАҒЫ САҺУ СӘЖДЕСІ

НАМАЗДАҒЫ САҺУ СӘЖДЕСІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

            «Шынында, иман келтірендер құтылды.  Олар,  сондай   мүміндер,  намаздарында іштей жалбарынады. . .  Олар намаздарына ұқыпты.  Міне,  солар – мұрагерлер.  Олар онда мәңгі қалатын Фирдаус жаннатына мұрагер болады»,  «Муминун» сүресі, 1-12 аяттар

Қазіргі кезде,  жаңадан намаз бастап немесе  тұрақты намаз оқып жүрген  жамағаттың арасында жиі қойылатын сұрақтардың бірі, намаз оқып тұрғанда қателік жасасақ намаз дұрыс бола ма, қабыл бола ма, намазды қайттан оқу керек пе, деген секілді сұрақтар қойылып жатады. Сондықтанда мұндай жағдайға дінімізде саһу(қателік) сәждесі қарастырылған.

            Ал,  Саһу сәждесі- намаз оқушы кісі, намаз ішінде қандай да бір, қателіктер жіберсе, сол қателіктердің орнын толтыру үшін, намаз соңында орындалатын қосымша екі сәждеге айтылады. Себебі Алла елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Әрбір қателікке сәлемнен кейін екі сәжде жасалады», (Муснәд Ахмед, Сүнән Әбу Дәуіт, 1038)  -  деген.  

Саһу сәждесінің үкімі

    Біздің Ханафи мазһабында саһу)қателік( сәждесін жасау жағдайы туындаса, бұл сәждені жасау уәжіп)міндет( болады. Ал, еге саһу)қателік( сәждесін жасамаса, намазы дұрыс болғанымен,  күнә жазылып, намаз кемеліне жетпей,  кемшілікпен орындалған болады.

Саһу )қателік( сәждесін жасау қай кезде уәжіп )міндет (болады.

        Намаз оқушы адам жаңылысып намаздың бір парызын кешіктірсе,  немесе артық қылып істесе,  яки бір уәжіптің)міндеттің( біреуін немесе бірнешеуін ұмытып тәрк етіп қойса,  немесе кешіктірсе, сол кезде саһу)қателік( сәждесін жасау уәжіп)міндет( болады.

       Бірақ, намаздың парыздарының бірі (рукуғ, сәжде т. с. с ) орындалмаған болса,  саһу)қателік( сәждесі жасалмайды, себебі   саһу)қателік( сәждесі бұл кемшілікті толтыра алмайды. Намазды қайта оқу керек. Ал, намаздардың  сүннеттерін орындамаса саһу)қателік( сәждесін жасау қажет емес, намазы дұрыс.

Саһу )қателік( сәждесі қалай жасалады?

       Саһу)қателік( сәждесі намаздың соңғы отырысында «ат-Тахиятты» оқығаннан кейін, екі жаққа сәлем беріп, екі рет сәжде жасайды да, қайттан «ат-Тахиятты» оқып,  және «салауат» пен «Роббәнәә әәтинә» дұғасын оқып, екі жаққа сәлем беріп тәмамдайды. Ал, жамағат болып оқылғанда имам тек бір жаққа сәлем беріліп,  екі рет сәжде жасайды. Имамның екі жаққа сәлем бермеуінің себебі, артына ұйыған жамағат намаз бітті деп ойлап, тұрып кетпеуі үшін.

Саһу )қателік( сәждесін парыздарға қатысты қажет ететін жағдайлар

   1. Егер намаз оқушы  «Фатиха» сүресі мен «Зәм» сүрелерін тастап кетсе, намазын қайттан өтейді. Себебі Құран оқу – намаздың парызы. Парыздың бірі  орындалмаса,  намаз дұрыс емес.

   2.  Егер намаз оқушы   жаңылысып, рукуғқа бармастан бірден сәждеге бас қойса және сәждені аяқтамас бұрын  жаңылықаны есіне түссе, орнынан тұрып, рукуғ жасап, намаз соңында саһу сәждесін жасайды. Ал сәжде  жасап болғаннан кейін есіне түссе, сол ракағатты есептемейді де, оның орнына басқа ракағат оқиды және намаз соңында саһу сәждесін жасайды.

   3. Төрт ракағат намаздарда  үш ракағаттан кейін  оны төртінші  ракағат  деп ойлап отырған мезетте жаңылысқаны есіне түссе, бірден орнынан тұрып, намазын ары қарай жалғастырып бітіреді, егер еркін, үш тасбих(субхана роббийал- азиим) айтатындай уақыт отырғаннан кейін ғана жаңылысқаны есіне түссе, орнынан тұрып, намазын жалғастырып,  намаз соңында саһу сәждесін жасайды.

   4. Егер намазхан намаздың бір ракағатында сәждені бір рет қана орындаса, намаз соңында орындамаған сәждесін орындап, одан кейін сәһу сәждесін жасайды.    

   5. Намаздың бір ракағатында екі рет рукуғқа барса немесе үш рет сіжде жасаса, ол намаз соңында саһу сәждесін жасайды.   

   6.  Намазда күманданып тұрып, намаздың бір рукіні өтелетіндей уақытта ойланып тұрып қалса,  саһу сәждесін жасайды. Себебі намаздың келесі амалдарын кешіктірді.

    7. Намаз соңында артық ракағатқа түрып кеткен жағдайда, сол тұрып қойған  ракағаттың  сәждесін жасағанға дейін қателескені есіне түссе, ол дереу отырып, намазын аяқтап және намаз соңында саһу сәждесін жасайды.  

   8.  Төрт не үш ракағатты парыз намазында алғашқы отырыстағы «ат-Тахият» дұғасын  оқығаннан кейін, үшінші ракағатқа тұрудың алдын Аллаһумма солли ъәлә Мухаммад дейтіндей уақыт кідіріс жасаса,  намаз соңында саһу сәждесін жасайды.                                                                                               

  

Саһу )қателік( сәждесін уәжіптерге(міндеттерге) қатысты қажет ететін жағдайлар

  1. Егер намаз оқушы  «Фатиха» сүресінен бұрын «Зәм»(қосымша ) сүресін оқыса,  «Фатиха» сүресін оқығаннан кейін  қайтадан «Зәм»(қосымша ) сүресін оқиды және саһу сәждесін жасамайды. Егер «Фатиха» сүресінен кейін «Зәм»(қосымша ) сүресін қайталамаса,  намаз соңында саһу сәждесін жасайды.
  2.  Егер намаз оқушы  «Фатиха» сүресін не «Зәм»(қосымша ) сүресін жаңылысып тастап кетсе,  намаз соңында саһу сәждесін жасайды.
  3. Төрт не үш ракағатты парыз намазында алғашқы отырысты тастап кетсе немесе «ат-Тахият» дұғасын   тастап кетсе,  намаз соңында саһу сәждесін жасайды.    
  4. Үтір уәжіп намазында құныт дұғасын тастап кетсе,  намаз соңында саһу сәждесін жасайды.    
  5. Бір намаз бойында бірнеше рет қателескені үшін бір рет қана сәһу сәждесі жасалады.
  6. Ал Сәһу сәждесі жасалынып жатқанда жаңылысса, қайтадан сәһу сәждесі жасалынбайды.

                        

Сәһу сәждесін қажет етпейтін жағдайлар

 Намаз оқушы намаздың барлық сүннеттерінің біреуінде немесе бірнешеуінде ұмытса немесе қателессе, сәһу сәждесі жасалмайды. Мысалы :

  1. Намаздың басында сәнә дұғасын ұмытып, бірден сүресімен бастап кетсе, қайтадан сәнә дұғасын оқымайды және намаз соңында сәһу сәждесі жасалынбайды. Себебі сәнә дұғасы намаздың сүннетіне жатады.
  2. Жаңылысып немесе тілі күрмеліп, рукуғқа, сәждеге бара жатқандағы немесе тұрып кездегі,  рукуғқа, сәждеде айтылатын тасбихтар айтылмай қалса,  сәһу сәждесі жасалмайды.

Жамағат намазында сәһу сәждесін қажет ететін жағдайлар

1. Жамағат барлық жағдайда имамға ілеседі, егер имам намазда қателесіп сәһу сәждесін   жасаса, жамағатта жасайды, жасамаса жасамайды,  артынша намазды қайттан өтемейді, себебі сол намазға имам жауапты.

2. Имам дауыстап оқитын намазда іштей, іштей оқитын намазда дауыстап оқыса,  сәһу сәждесін жасайды.

3. Имам қателеспей, тек ұюшы қателессе, имамға ұюшы сәһу сәждесін жасамайды. Себебі оның намазы имамның намазымен бірге толық болып есептеледі

Октан Сүйіндік 

Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауылы

«Жаңатұрмыс» мешітінің имамы                                                                                             

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: