Туфәйлдің (р.а.) мұсылман болуы

Туфәйлдің (р.а.) мұсылман болуы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Туфәйл ибн Амр «Аус» қауымының ең сыйлы адамы еді. Бір күні Мекке қаласына жолы түседі. Ол кезде Меккеде мұсылмандар мен пұтқа табынушылар арасындағы алауыздық өршіп тұрған. Туфәйл Меккеге кірер-кірмес жерде оны мүшріктер қаумалап: «Ей, Туфәйл, Меккеге қош келдің! Мұндағы жағдай мынау: «Өзін пайғамбармын деп жариялаған құрайыштық Мұхаммед (ﷺ) бізді ауыр хәлге душар етіп отыр. Арамызға іріткі салып, сүттей ұйып отырған шырқымызды бұзды. Сөзін тыңдағандар қалай арбалып қалғанын білмей, керек десең, туған әкесі мен баласы, күйеуі мен әйелі бір-бірінен безінуде. Абайламасаң, бұған сен де, сенің қауымың да тап болуы мүмкін, сондықтан Мұхаммедтен аулақ жүргенің дұрыс. Айтқан сөзін тыңдама», – деп жамыраса ақыл айтқан болады.

Бұл әңгімеден кейін Туфәйл шынында да Пайғамбарымыздан (ﷺ) қауіптеніп, Қағбаға бара қалса, құлағына мақта тығып алатынды шығарады.

Бірде күтпеген оқиға болды. Қағбаның жанында Алла Елшісінің (ﷺ) намаз оқып тұрғанын көрді. Өзіне, тосын қимылдарына біршама уақыт алыстан қарап тұрды. Алла Елшісінің (ﷺ) оқыған Құранын да естіді. Туфәйл неге екенін мұның бәрін жылы қабылдады. Бір уақытта өзіне «Мен неге құлағымды бітеуім керек? Нені тыңдап, нені тыңдамауды маған басқа біреу үйретуі керек пе? Бұл кісіге жолығып көрсем қайтеді? Нашарлығына көз жеткізсем, өз жөніме кетермін» – деген ой келеді.

Сөйтеді де Пайғамбарымыз (ﷺ) намазын бітірген соң, артынан үйіне дейін еріп барады. Үйге кірісімен Туфәйл басынан өткендерді әңгімелеп Ислам діні жөніндегі сауалдарын қояды. Мұны естіген Пайғамбарымыз (ﷺ) қатты қуанып, оған діннің негіздерін түсіндіреді. Туфәйл сол жерде мұсылмандықты қабылдайды. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: