БАС МҮФТИ УНИВЕРСИТЕТТЕ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛДЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

БАС МҮФТИ УНИВЕРСИТЕТТЕ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛДЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінде ҚР ҰҒА академигі Серік Жайлауұлы Пірәлиевтің атына берілген жаңа конференц-залдың ашылу салтанатына қатысты.

«Серік Жайлауұлы 70 жылдық ғұмырында артында мол мұра қалдырды. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мүбарак хадисінде: «Адам баласы дүниеден өтсе, оның амалының барлығы тоқтайды, тек үш түрлі амалы үзілмейді: жария берген садақасы, артынан қалдырған пайдалы ілімі және оған дұға жасайтын салихалы ұрпағы» деген. Біз Серік ағамыздың ғылым жолында мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, артында пайдалы ілім қалдырғанын ескерсек, бұл да сауабы үзілмейтін садақа жасады деп білеміз.

Серік Жайлауұлы Білім және ғылым министрлігінде басшылық қызметтерде, бірнеше университетте ректор қызметін атқарса да қарапайым ғалымға тән мінезін сақтай білді. Өзінің кішіпейіл болмысымен қатардағы маманнан жоғары оқу орындарының ректоры, академик дәрежесіне жетті. Содан болар Серік Пірәлиев есімі әркез құрметтеледі. Бүгін міне соның айғағын көріп тұрмыз. Серік аға отандық ғылымның қарқынды дамуына айрықша үлес қосты. Елдегі жастардың білім алуына жағдай жасайтын. Алла Тағала ол кісінің ізгі амалдарын қабыл етіп, артындағы ұрпағына жақсылық берсін» деді Бас мүфти. 

Айта кетейік, аталмыш шараға еліміздің барлық аймағынан ҚР ҰҒА академиктері, жазушылар одағының мүшелері, дін өкілдері, оқытушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: