ЕЛОРДАДА ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ РУХАНИ-МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ (ФОТО)

ЕЛОРДАДА ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ РУХАНИ-МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше, қасиетті жұма кешінде ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы – ізгі қоғам тірегі» тақырыбында жас отбасыларға арналған рухани-мерекелік шара өтті.

Отбасы күніне орай ұйымдастырылған шараға жақында ғана некесін қиып, жаңа өмірге қадам басқан жас отбасылар шақырылып, жанұя жарасымы жайында пайдалы насихат айтылды.

Семинар аясында Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Иманәліұлы, ҚМДБ Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрбек қажы Әуесханұлы, Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы ізгі лебіздерін білдіріп, бақытты отбасы құрудың басты қағидалары жайлы білгендерімен бөлісті.

Семинар соңы мерекелік шараға ұласып, қазақ шаңырағындағы қуаныштардың бірі – сәбиге азан шақыру мен тұсаукесер дәстүрлері жаңғырды. Дін мен дәстүр сабақтастығы ұлықталған кеште балақайдың тұсауын кескен «Шейх Кунта қажы» мешітінің бас имамы Өмірзақ Қазкенұлына да ата-анасы құрметпен шапан жауып, ақсақалдың ақ батасын алды.

Шара соңында қатысушылар арасында викториналық сұрақтар қойылып, жауабын дұрыс тапқан 10 отбасыға сыйлықтар таратылды.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: