#Меркі ауданы: «Мұғалім сәни» кітабы сыйлыққа берілді

#Меркі ауданы: «Мұғалім сәни» кітабы сыйлыққа берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы «Әл-Кәрим» мешітінің жамағатына Бекболат Бердімұратұлының «Мұхтасар мұғалім сәни» атты еңбегі сыйға тартылды.

Бұл еңбек - өте ыңғайлы, қарапайым халыққа түсінікті тілде жазылған және «QR» коды арқылы қашықтықтан онлайн дәрісінен үйренуге болады.

Мешіт жамағаты арасынан мешітке тек намазға уақыт тауып келетін, қалған уақытында қолы тимей отбасының, бала-шағаның қамы деп, кәсіп етіп жүрген жамағаттарымызға таратылды. Арнайы дәріс үшін мешітке келе алмасада, бос уақыт тауып үй жағдайында қашықтықтан онлайн 10-15 минут оқып, Алланың қалауымен қасиетті Құран Кәрімді арапшасынан оқып үйренсін деген ниетпен 20 адамға кітап сыйға берілді.

Осы игі іске атсалысқан барша бауырларымыздың ниеттерін Алла қабыл етіп, сауаптан жазғай. Алла Тағала баршамыздың ілімге деген зейіндерімізді, ыждаһаттарымызды ашсын!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: