#Меркі ауданы: Мешіт жамағатының сауапты ісі

#Меркі ауданы: Мешіт жамағатының сауапты ісі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты Тәтті ауылдық мешітінің имамы Көпбосынов Асхаттың мұрындық болуымен жалғыз басты апамыздың үйіне су кіргізіліп берілді.

Ауылдық мешітке жағдайын айтып қайырылған апамыздың өтінішін жерге тастамай, мешіт жамағатын ұйымдастырған ауыл имамы апамызға қуаныш сыйлады.

Апамыздың үйіне су тартып, су сорғысы мен қол жуғышын орнатып берді. Апамыздың қуанышында шек жоқ.

Апамыз осы игі іске атсалысқан барша бауырларымызға ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Алла Тағала күллі исі мұсылманның жасап жатқан амалдарын қабыл етіп, сауаптан жазғай!!!

Меркі ауданыдық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: