Шешенстанда 32 000 қой қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай қызмет бабында қаза болған полицейлерге, билік өкілдеріне, имамдарға, сондай-ақ, әлеуметтік тұрмыс ахуалы төмен отбасыларға таратылған.
Мәскеудегі орталық мешіттің ашылу салтанатынан оралған Шешенстан басшысы Рамазан Қадыров Грозный алаңына келіп, құрбандық шалу рәсімдерін атқарды.
Шешен басшысының бастамасымен өткен игі шарада тағы 30 000 қой көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты қарияларға және өзге де мұқтаж адамдарға құрбандық ретінде үлестірілді.