Сауд Арабиясының үкіметі Мекке маңында орын алған қайғылы уақиғадан кейін қажылықты өткізу жоспарын өзгертуді жоспарлауда.
Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әзиз қажылықты өткізу бағдарламасын өзгерту туралы бұйрық берді.
Саудия королі Мина жазығында 700-ден аса адамның өмірін қиған уақиғадан соң осындай шешімге келген. Ол сондай-ақ, осы іске қатысты тергеу амалдары жүргізілетінін де мәлім етті.