Франция имамдары Мароккода білім жетілдіреді

Франция имамдары Мароккода білім жетілдіреді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Франция мұсылмандары ұйымы «толеранттылық пен жариялылық» ұстанымын насихат етуші Марокко республикасына дін қызметкерлерін білімдерін жетілдіру үшін жіберуге байланысты бастамаға қолдау білдірді, - деп хабарлады RFI News.

«Франция мен Марокко елдері арасындағы мұндай әріптестік қатынас Франция мешіттер одағы имамдарды оқыту мәселесін оңтайлы шешуге жол ашады деп санайды» деген пікір білдірді Франция мешіттері одағының жетекшісі Мұхаммед Муссави.

Жуырда Франция президенті Франсуа Олланд Марокко астанасына екі күндік іс сапар жасады. Кездесу кезінде екі ел арасында кәсіби имамдарды даярлауға қатысты келісімге қол жетті.

Сонымен, франциялық имамдар алдағы жылдың наурыз айынан бастап Марокконың Мұхаммед VI атындағы институтында білімдерін жетілдіретін болды. Бюджеті 18 млн долларды құрайтын білім ордасы болашақта та әлем елдерінің руханиятына өз үлесін қоспақ.

Екі жақты декларацияға сәйкес имамдар дәстүрлі ислам бағытында білім жетілдірмек. Президент Франсуа Олланд «Ислам – бейбітшілік діні» дей келе, жыл сайын аталмыш институтта Францияның 50 имамы білім алатынын жеткізді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: