Палестина Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіне мұсылмандардың баруына шектеу әрі кедергі жасап отырған Израильдің әрекетін айыптады.
«Біз Израиль басқыншыларының мұсылмандарды әл-Ақса мешітіне кіруіне тыйым салып отырған кез келген әрекеттеріне қарсымыз» деп мәлімдеді Палестина басшысы Махмұд Аббас Мәскеу орталық мешітінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.
Аббас сондай-ақ, халықаралық қауымдастықтардан «Иерусалим мен Палестинадағы мұсылмандар мен христиандарға Палестина жері израильдік басқыншылар келмей тұрғанда қандай қауіпсіздікте болса, дәл солай қамтамасыз етілуін, әл-Ақса мешітіне қатысты жаулық, қаскөйлік шабуылдар болмауын» талап етуге шақырды.


06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

