Тұрар Рысқұлов аудандық әкімшілік залында «Ислам – ізгілік діні» атты тақырыпта ауданға қарасты имам-молдалар мен ауыл әкімдері және әкімдік қызметкерлері қатысқан іс-шара өтті. Кездесуде аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Түзелбеков және «Әл-Хақ» мешітінің имамы Үмбет Сабырханов тақырып аясында баяндама жасады.
"Ақиқатында, Ислам – адамзат баласының игілігін көздейтін ақиқат діні болғандықтан, бауырмалдықта діні, ұлтына, нәсіліне қарамайды, бір-бірінен еш бөліп, жармайды. Керісінше діні, нәсілі, ұлты бөлек әр қауымның шыққан тегі бір екенін ескертіп, бауырмал болуға шақырады: «Уа, адамзат! Сендерді Біз әуелде бір еркек, бір әйелден, бір ата, бір анадан өрбіттік. Өзара қарым-қатынас жасауларың үшін көптеген ұлт, ұлыс етіп көбейттік. Сендердің бір-біріңнен артықтығың несібелеріңмен емес, діндар-тақуалықтарыңмен есептеледі" - деп атап өтті дін мамандары.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі