#Рысқұлов: «Мектепке жол» акциясы жалғасын тапты

#Рысқұлов: «Мектепке жол» акциясы жалғасын тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы  Үмбет Сабырхановтың ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын "Ақыртөбе" мешітінің имамы Батырдан эстафетаны қабылдап, басқа ауыл имамдарына жолдады. Бұл қайырымдылық акциясына демеуші ретінде дәулетті жандар тартылды. Акцияда 10 мектеп оқушысына мектеп сөмкесі мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыс етілді.

Алла Тағала осы игі амалдың жүзеге асуына атсалысқан барша жандардың өміріне береке беріп, сөмкелерге ие болған балалар қалай қуанса, бұл жандарды да Алла екі дүниеде солай қуандырғай! Әмин!

Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: