#Қордай: Отан қорғаушылармен жүздесу өтті

#Қордай: Отан қорғаушылармен жүздесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жоғары Мәтібұлақ полигоны 40-шы «Отар» Әскери базасында жауынгерлермен кездесу болып өтті. Қордай ауданының бас имамы А.А.Егізбаев отан алдындағы борышын өтеушілерге «Отанды сүю-иманнан» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Пайғамбарымыздан (c.а.с.): «Я, Расулаллаһ! Ең абзал амал не?», -деп сұрағанда, «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру бір ай нәпіл ораза ұстап, намаз оқудан қайырлы», - деп жауап берген екен.

«Мәтібұлақ» полигонында «Батыл-Тойтарыс» стратегиялық командалық-жұмылдыру оқу-жаттығуының, оқу-жауынгерлік жиынында әскери міндеттегілерге отансүйгіштік тақырыпта дәріс оқып, жауынгерлердің рухын арттырып, жігерлендіріп, Егемендікті сақтауда, және Отанына адал қызмет атқару тақырыбында тәрбие беру ісіне үлкен үлес қосқаны үшін Қордай ауданының бас имамы «Оңтүстік» өңірлік әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор М.Кучекбаевтан мадақтама грамотасын алды.

 

                     Аудандық «Қордай»  мешітінің баспасөз қызметі

                                

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: