#Меркі ауданы: «Меркі ата» мешітінде сенбілік өтті

#Меркі ауданы: «Меркі ата» мешітінде сенбілік өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дініміз ислам тазалыққа өте қатты көңіл бөліп, оның маңыздылығын жан-жақты түсіндіреді. «Тазалық – иманның жартысы» - демекші, әр мұсылманға түскен мiндет – айналамыздағы қоршаған ор­та­ны таза ұстау, ағаш отырғызып, табиғатты аялау. 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының тікелей тапсырмасымен орталық мешіттің ауласына сенбілік шаралары жүргізілді.

Сенбілікке орталық мешіттің имамдары мен мешіттің ұжымы, бір үйдің балаларындай атсалысып, мешіт ауласын, медресе айналасын тап-тұйнақтай етіп жинастырды.

Алла Тағала мешіт қызметкерлерінің амалын қабыл етіп, сауаптан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: